Сенат Төрағасы еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесті

АСТАНА.ҚазАқпарат - 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесті.
None
None

Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайтуға, ұлттық заңнама жүйесін жетілдіруге және қазақстандық парламентаризмді дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Әділ Ахметов, Оралбай Әбдікәрімов, Өмірбек Байгелди, Тілеухан Қабдрахманов, Әбіш Кекілбаев, Кенжеғали Сағадиев, Сергей Терещенко, Сағынбек Тұрсынов, Равиль Шырдабаев, Зинаида Федотова және Сейілбек Шаухамановты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сенат Төрағасы марапатқа ие болған жандардың тәуелсіз Қазақстанның өмірінде ерекше орын алатынын айта келіп, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ықпал еткен тарихи шешімдерді қабылдауға олардың қомақты үлес қосқанын атап өтті. «Сіздердің белсенді азаматтық көзқарастарыңыз, аса маңызды қоғамдық жобаларды іске асыруға, жеткіншек ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу үдерістеріне нәтижелі қатысуларыңыз және Сіздердің жастарға көмек қолын созуға шынайы ұмтылыстарыңыз зор құрметке лайық», - деді Сенат Төрағасы. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауын талқылады. «Құжатта қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде жаһандық дағдарыстан шығудың дәйекті жоспары мазмұндалған. Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларына халықаралық қаржы институттары да, беделді сарапшы топтары да жіті назар аударып отыр», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар