Сенат Төрағасы Халықаралық бейбітшілік институтының басшысымен және Жапония Елшісімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік институтының Президенті Терье Род-Ларсенмен кездесті.
None
None

Белгілі норвег дипломаты, БҰҰ Бас Хатшысының бұрынғы орынбасары және Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу жөніндегі БҰҰ-ның Арнаулы үйлестірушісі Т.Род-Ларсен өзі басқарып отырған Халықаралық бейбітшілік институтының сараптамалық қызметі мен жобалары туралы баяндап берді.

Жүздесушілер қазіргі замандағы халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ құбылмалы әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі туралы пікір алмасты.

Сол күні Қ.Тоқаев Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Масаеси Камохараны да қабылдады. Парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Жапония Премьер-министрі Шиндзо Абэнің Қазақстанға жоспарланып отырған сапары Қазақстан мен Жапония қатынастарындағы маңызды оқиға ретінде өзара тиімділікке қуатты серпін беретін болады.

Соңғы жаңалықтар