Сенат Төрағасы Қ. Мәми бірқатар парламенттік ұйымдарға мүше әрі делегация басшысы болып тағайындалды

ҚР Парламенті Сенатының 2009 жылғы 5 ақпандағы 305-ІVІІС қаулысына өзгерістер енгізді.
Сенат депутаттары қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес, Парламент Сенатының Төраағсы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясына делегация басшысы, ТМД мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына Кеңес мүшесі, делегация басшысы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясына Бюро мүшесі, делегация басшысы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясына Кеңес мүшесі, делегация басшысы, сондай-ақ Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына кеңес мүшесі болып жіберілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Сенаттың бұрынғы Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты спикерлік қызметінен босатылып, оның орнына ҚР Президентінің ұсынуымен Қайрат Мәми тағайындалған болатын. Депутаттар қабылдаған бүгінгі қаулы осыған байланысты туындап отыр.