10:45, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Сенат Төрағасы Қайрат Мәми қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми өзінің блогы арқылы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Діни төзімділік пен ұлтаралық ынтымақты берік ұстанған Қазақстан халқы үшін адамдарды жақындастырып, ізгілік мен мейірім шуағын төгетін, қашан да бір-біріне кешірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мейрам - Құрбан айттың маңызы ерекше.
Ғасырлар бойы халықтың ынтымағын арттыруға ықпал етіп келген, бүгінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің мерекесіне айналған Құрбан-айт құтты болсын.
Аспанымыз ашық болып, шаңырағымыздан шаттық кетпесін! Еліміз аман болып, одан әрі өніп өркендесін», делінген құттықтауда.