Сенат Төрағасы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми барша қазақстандықтарды Астананың 15 жылдығымен құттықтады.
None
None

Сенат Төрағасы қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтай отырып: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас сәулетшісі болып табылатын Астана қаласы - халқымыздың ертеңгі күндерге нық сенімін ұялатқан құтты қоныс, мерейлі мекенге айналды.

Осы заманғы сәулетті ғимараттарымен, әлемдік мәдениеттің алуан үлгілерімен әдемі айшықталған Астана дүние жүзіндегі көрікті қалалардың қатарына қосылды.

Елорда мейрамы көп ұлтты халқымызды ынтымаққа шақырып, жаңа биіктерге серпін беретін, барша әлеуметке ортақ шын мәніндегі ерекше мереке.», - деп атап өтті.

Сөз соңында Қазақстанда тұратын барлық жұртшылыққа бейбітшілік пен бақыт тіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум