Сенат Төрағасы миссиясы аяқталған БҰҰ Резидент-Үйлестірушісінің нәтижелі жұмысына алғыс айтты

Қ.Тоқаев БҰҰ Тұрақты өкіліне Қазақстандағы табысты жұмысы үшін алғыс айтты. БҰҰ-ның көмегімен біздің еліміз Мыңжылдықтардың даму мақсаттарына қол жеткізді, Қазақстанда сондай-ақ маңызды инфрақұрылымдық, оның ішінде «жасыл» энергетика саласындағы жобалар жүзеге асырылды. БҰҰ-ның Бас хатшысы, осы дүниежүзілік ұйымның өзге де өкілдері Қазақстанда бірнеше мәрте болды. Сенат Төрағасы Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерінен айнымайтынын атап өтіп, негізгі халықаралық мәселелерді шешуде оның орталық рөлін одан әрі ұлғайту қажет деп санайды.
С.Тулл Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясындағы алдағы отыз жылда БҰҰ-ны реформалаудағы ауқымды ойлары жайында оң пікір білдірді. Дипломаттың айтуынша, Мемлекет басшысының сөзі өте тартымды болды, өйткені тың бастамалар мен ұсыныстар айтылды.