Сенат Төрағасы Португалияда Галуст Гулбенкянның қорында болды
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат. Португалия Республикасында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ ПА Президенті Жоао Соарештің шақыруымен Галуст Гулбенкянның қорында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл қор Галуст Гулбенкянның өсиеті бойынша Португалияда және одан тыс жерлерде көркемдік, мәдени және қайырымдылық бастамаларын қолдауға бағытталған қызметін белсенді түрде жүргізіп келеді.Қор басшысымен әңгіме барысында Қ.Тоқаев өнерді, көркем шығырмашылықты, білім мен ғылымды дамыту үшін жобаларды жүзеге асырудағы осы ұйымның зор маңызын атап өтті.