Сенат Төрағасы Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Волоколамск архиепископы, Мәскеу Патриархы және бүкіл Ресей викариі Иларионмен кездесті

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапары аясында мәскеулік Свято-Даниловск монастырінде Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Волоколамск архиепископы,
None
None

Мәскеу Патриархы және бүкіл Ресей викариі Иларионмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында осы заманғы қоғамдағы діннің ролі, дінаралық әріптестікті одан әрі нығайту қажеттігі туралы пікір алмасылды, конфессияаралық өзара қарым-қатынастың алуан түрлері мен қазіргі өркениет құндылықтарын сақтау және оңайлату мақсатында үнқатысуды дамыту мәселелері талқыланды.

Қ.Тоқаев үстіміздегі жылғы жазда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы архиепископ Иларионды хабардар етіп, Орыс Православ шіркеуі өкілдерінің осы жиынға қатысқаны үшін алғыс айтты.

Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының жұмысы туралы әңгімелеп, осындай шараның Ресей Федерациясында өткізілуіне жәрдем беруге әзірлігін білдірді.

Сондай-ақ төраға Патриарх Кириллдің Қазақстанға сапары және оның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті съезіне қатысуы конфессияаралық келісімді нығайтуда ерекше мәні бар екенін және Қазақстан мен Ресейдің діндар адамдарына оң қызмет ететінін атап өтті. Ол архиепископ Иларионды Қазақстанға келуге шақырды.

Өз кезегінде архиепископ Иларион өркениеттер үнқатысуларын өзара түсіністіктің жаңа сатысына көтеретін дін басшыларының Астанада өткізілетін жиынының маңызы зор екенін атап өтті. Ол Қазақстанды үлгі мемлекет ретінде атап, біздің ұлтаралық және конфессияаралық келісімдегі тәжірибеміз бен өнегеміз басқа елдерге таратуға лайық екенін айтты.

«Қазақстандық биліктің, ең алдымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың зор  еңбегі осында», деді архиепископ Иларион.

Соңғы жаңалықтар