Сенат ҰҚК төрағасы қызметіне Н. Әбіқаевты тағайындауға келісім берді

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Мемлекет басшысының ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне Нұртай Әбіқаевты тағайындауына келісімін берді.

Сенат ҰҚК төрағасы қызметіне Н. Әбіқаевты тағайындауға келісім берді

Елбасының Н. Әбіқаевты ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындау туралы Конституцияның 44-бабының 4-ші тармақшасына, 55-бабының 2-ші тармақшасына сәйкес Сенатқа енгізген ұсынысына сәйкес, төрағаның кандидатурасын ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, Н. Әбіқаев бұған дейін ҚР Президенті Аппаратының басшысы, ҚР ҰҚК төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы секілді жоғары лауазымды қызметтер атқарған. 2008 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. Палата депутаттары Елбасының ұсынысын бірауыздан қолдап, келісімдерін берді.