Сенат үш буынды сот жүйесіне көшуге байланысты Азаматтық процестік кодекстің жобасын кері қайтарып алды

«Естеріңізде болса, 2015 жылдың 9 шілдесінде Сенат отырысында біз 2 заң жобасын қабылдаған едік. Олар: Азаматтық процестік кодекс пен «ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Осы екі заң жобасын өзгертулермен, толықтырулармен Мәжіліске қарауға жібердік. Қазіргі уақытта қосымша материалдар түсті. Олар 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Кодекс жобасының бастамашыларымен, басқа комитеттердің депутаттарымен, Сенат аппаратының қызметкерлерімен өткен комитет отырысында талқыланды. Біз мыналарды атап өтеміз: «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша ұлт жоспарын жүзеге асыруда Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамаға үш буынды сот жүйесіне көшу мәселесі бойынша өзгертулер енгізу қажеттігіне назар аудартты. Осыған орай, дәл осы бес институттық реформа жоспарын орындауға қатысты құжат келіп түсті», - деді Заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Людмила Полторабатько.