Сенат ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты құжатты қабылдады
Отырыста аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабаевтың айтуынша, аталған хаттама 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған. Оған сәйкес, бір немесе бірнеше қатысушы мемлекеттің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, аумақтық тұтастығына және егемендігіне немесе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда қатысушы мемлекеттер өз ұстанымдарын үйлестіру мақсатында бірлескен консультациялар тетігін жедел іске қосып, қауіп төнген мемлекеттерге көмек көрсету шаралары қабылданады.
Сондай-ақ, хаттамаға сәйкес егер қатысушы мемлекеттің бірі агрессияға ұшыраса, онда бұл хаттамаға қатысушы мемлекеттердің барлығына жасалған агрессия ретінде қаралады.
Отырыс барысында депутаттар осы заң жобасына ілеспе болып табылатын «2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын да қабылдау қажет деген шешім қабылдады.