Сенат заң жобасын қабылдады
АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаторлар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Ислам банкін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметтерінің бірлесіп елімізде Ислам банкін ашу туралы келісіміне биылғы жылдың маусым айының 11-інде қол қойылған. Келісім Қазақстанда қаржыландырудың балама нысанының пайда болуына жағдай жасайды. Сондай-ақ ол қаржы нарығында бәсекелес орта қалыптастырып, банк саласына және экономиканың басқа да салаларына қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Заң жобасы Конституцияға және еліміздің өзге де заңдарына сәйкес келеді.