Сенат жарақаттаушы қаруды айналымнан алатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен, заң жобасы Парламент Мәжілісіне қайтарылды.
Заң жобасымен үш кодекс пен оң заңға өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» қолданыстағы заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, жарақаттаушы қаруды азаматтық айналымнан алу және оны қызметтік қару қатарына ауыстыру қаралып отыр. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да көзделеді.
Атап айтқанда, «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қызметтен босатылған уақытта (кедендік қызметті қоспағанда) еңбек сіңірген күнтізбелік жылдарының санына байланысты біржолғы жәрдемақы төлеу бойынша шәкілді белгілеу қарастырылып отыр. Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайына немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынан айырылған офицерлік құрам қызметкерлеріне жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеумен қатар, қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы арнайы әскери атақ бойынша жалақылары төленетін болады.
Талқылау барысында сенаторлар тарапынан бірқатар түзетулер ұсынылған болатын. Осыған орай, заң жобасы Парламент Мәжілісіне қайтарылды.