Сенат Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды.

Сенат
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Атап айтқанда, бүгінгі отырыста ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұрлан Қыдыржанұлы Сұлтановты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді.

«Нұрлан Қыдыржанұлы құрметті отставкаға кету шешімін жасады. Осы орайда Жоғарғы сот судьясын қызметінін босату ұсынымын қолдауды сұраймын», - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Еске салсақ, Нұрлан Қыдыржанұлы Сұлтанов Сенаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 865-V ПС қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланды

Соңғы жаңалықтар