13:48, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Сенат: Жоғарғы соттың судьясы А. Секішов Бас прокурордың орынбасары қызметіне сайланды
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар Елбасының ұсынысымен Жоғарғы соттың судьялары Зейнолла Мақашевтың орнынан түсуіне және Асқар Секішевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты оларды Жоғарғы соттың судьясы лауазымынан босату жөнінде қаулы қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста аталмыш мәселе бойынша баяндаған Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, З. Мақашев пен А. Секішев 2007 жылдың наурызында және 2004 жылдың желтоқсан айында Жоғарғы сот судьясы қызметіне тағайындалған. «Сот жүйесінде жұмыс істеген жылдары олар өздерін білікті заңгер және тәжірибелі судья ретінде көрсетіп, судьялар корпусында зор құрметке ие бола білді», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы. Депутаттар сонымен қатар, А. Секішевті Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне сайлау жөнінде де тиісті қаулы қабылдады.