Сенат жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге бағытталған заң жобасын Мәжіліске қайтарды

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
None
None
Бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы «Қостанай облысы, Қостанай қаласындағы №2 сотқа жасалған өтінішке орай 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабындағы 1 тармағы 6 тармақшасы мен 9 бабы 3 тармағының конституциялығын тексеру туралы» Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 23 сәуіріндегі №4 нормативтік қаулысын орындауға байланысты әзірленген болатын. Нормативтік қаулыға сәйкес, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 25 бабындағы 1 тармағы 6 тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 1 тармағына, 26 бабының 1 және 2 тармағына, 39 бабының 3 тармағына сәйкес келмейді деп танылады. Негізгі заңның ережелері меншік құқығына кепілдікті ол пайда болған, өзгерген және тоқтатылған барлық кезеңдерге жария етеді және бекітеді, тиісті шешімдер шығаратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың барлық ресімдеулеріне қолданылады. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру уақытының өтіп кетуі азаматтар мен заңды тұлғаларға өздерінің меншік құқығын жүзеге асыруға бөгет болмауы тиіс, өйткені осы негізде құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қабылдамағанда әркімнің өз құқығын тану құқығы, ел Конституциясының 13 бабы мен 26 бабындағы 1 және 2 тармақта кепілдік берілген, сатып алынған кез-келген заңды мүлікті жеке меншікке иемдену құқығы шектеледі. Конституцияның 39 бабының 3 тармағына сәйкес Конституцияның 13 бабы мен 26 бабындағы 2 тармақта қарастырылған құқықтар мен бостандықтар қандай жағдай болса да шектелмеуі тиіс. Сондай-ақ заң жобасы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9 бабының 3 тармағын және 22 бабындағы 9 тармақты алып тастауды көздейді. Өйткені құжаттарды мемлекеттік тіркеуге берілу мерзімінің өтіп кетуін сот арқылы қалпына келтіру қажеттігі жойылады. Сенаторлар заң жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасына бірқатар түзетулер енгізді.
Соңғы жаңалықтар