Сенатқа депутаттарды сайлауға қатысу үшін Қарағанды облысынан 200-ге жуық сайлаушы тіркелді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда сайлау учаскесінде барлық деңгейдегі 14 мәслихаттың 191 депутаты тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау басталды. Дауыс беруге барлық деңгейдегі облыс мәслихаттарының сайлаушы-депутаттары жиналды.
Дауыс беру процесі басталмас бұрын сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру жәшіктері мен бюллетеньдерін тексерді.
Алдын ала санау бойынша 206 бюллетень тіркелген. Олардың ішінде екі бюллетень одан әрі жою үшін мөрленді, себебі сайлаушы-депутаттардың жалпы саны аймақ бойынша 204 адамды құрайды. Аудандар мен қалалар бөлінісіндегі жалпы саны: аудандық мәслихаттарда Осакаров – 12, Қарқаралы – 12, Ақтоғай – 11, Бұқар Жырау – 13, Нұра – 11, Абай – 12, Шет – 13. Сондай – ақ Қалалық мәслихаттардан Қарағанды – 29, Шахтинск – 12, Балқаш – 13, Теміртау – 17, Приозерск – 11, Саран – 12 және Қарағанды облыстық мәслихатынан – 26.


Алайда, бүгін 191 сайлаушы депутат дауыс береді. 13-і белгілі бір себеппен қатысқан жоқ.
Қарағанды облысында Сенат депутаттығына жеті кандидат ұсынылды. Үш кандидат тіркелген: облыстық мәслихат депутаты, коммерциялық құрылымның қызметкері және қоғамдық ұйымның өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалды.
Сенатты қалыптастыру тәртібі ҚР Конституциясында айқындалған. Парламенттің жоғарғы палатасында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Астанадан екі адам ұсынылған. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде сайлаушылар – мәслихат депутаттары жасырын дауыс берген кезде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл жағдайда жартысы үш жыл сайын қайта сайланады.









