21:07, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Сенатор Ә.Бектаев Созақ ауданында болды - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Созақ ауданында болып, арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәжілісте сөз алған Ә.Бектаев еліміздің таяу жылдардағы дамуының басым бағыттарын айқындаған «Бес институционалды реформа - 100 нақты қадам» Ұлт жоспары жөнінде баяндап, алда тұрған міндеттерді атап өтті.
«Парламент депутаттарының халықпен кездесудегі басты мақсаты ұсыныстарыңызды тыңдап, талап, тілектеріңізді жеткізу. Елбасының бізге қойған міндеті де осы», - деді халық қалаулысы.
Болшаққа бастайтын саяси құжаттың маңыздылығы айтылған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым төрағалары, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.