Сенатор А. Бижанов Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 25 қарашада Парламент Сенатының депутаты Ақан Бижанов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесіп, «Егемен Қазақстан және Елбасы» тақырыбы бойынша лекция оқыды.

Сенатор А. Бижанов Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымымен кездесті

Сенатор биыл біздің еліміз Тұңғыш Президенттің күнін Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында атап өткелі отырғанына тоқталды. Сенатордың пікірінше, біздің мемлекетіміздің жаңа тарихында болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістер Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Сенатор өз сөзінде еліміздің Тұңғыш Президженті - Елбасының мемлекетті құрудағы және дамытудағы, әлемнің алдыңғы қатарда дамыған 30 елінің қатарына енудегі жаңа жетістіктерге Қазақстан халқын жұмылдырудағы  айрықша рөлін ерекше атап өтті.

Сөзінің соңында А. Бижанов кездесуге қатысушыларды алдағы мерекелермен құттықтады және университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына еліміздің қажетіне орай жоғары білікті мамандар даярлау жұмыстарына тілектестігін білдірді.