Сенатор Ақан Бижанов Алматыдағы өнеркәсіп ұйымдарымен, шығармашылық орталармен және оқушы жастармен кездесті
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Экономика, еңбек қатынастары және еңбекке тарту салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері Парламент Сенатының
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижановтың Алматы қаласындағы өнеркәсіп ұйымдарының, шығармашылық орталардың, оқушы жастар өкілдерімен кездесулерінің басты тақырыбына айналды.
Алматы ауыр машина жасау зауытының ұжымымен болған кездесуде Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мәселелері талқыланды. Индустриялық-инновациялық бағдарламаны орындауға, отандық өндірісті қолдауға, қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылды.
«Ә. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн кешенді мектебі» РМК оқытушылар ұжымы және оқушыларымен кездесуде депутат Сенаттың заң шығару қызметі туралы әңгімелеп, білім беру, ғылымды дамыту, мәдениет және мамандар даярлау туралы заңнамаға енгізілген кейінгі өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті.