Сенатор Ақан Бижанов БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасының Астанадағы кеңсесінің басшысы Руслан Қазкеновпен кездесті
Жаһандық деңгейдегі көші-қон мәселелерін реттеу үдерістеріндегі БҰҰ ЖКББ-ның белсенді рөлін атап өте келіп, А.Бижанов Қазақстанның осы халықаралық құрылыммен өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.
Мемлекеттік көші-қон саясатын жетілдіру мәселелеріне қатысты депутат осы саладағы үдерістерді осы саланы құқықтық реттеудің маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанда толыққанды заңнамалық база жасалды. Таяуда «Босқындар туралы» заңға түзетулер енгізілді, «Көші-қон туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге орай жұмыстар жүріп жатыр,-деді А.Бижанов.
Біздің еліміз көші-қон мәселелерін реттеу секілді, босқындар құқығын қорғау саласында да маңызды халықаралық құжаттарға қол қойған болатын. «Біз ауқымды халықаралық ынтымақтастықтың дамуын жақтаймыз, өйткені, қазіргі жағдайда тек бірлескен күш-жігер ғана жаһанданудың қатерлеріне лайықты жауап болады»,-деді А.Бижанов.
БҰҰ ЖКББ-ның Астанадағы өкілі заң шығарушы және атқарушы органдармен белсенді ынтымақтастыққа мүдделі осы институт қызметінің бағыттары туралы әңгімеледі. Ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимыл көші-қон және босқындар мәселесін шешуге ықпал ететін болады.
Р.Қазкеновтың пікірінше, осы саладағы Қазақстанның тәжірибесі аймақтағы басқа елдер үшін өнеге болып табылады. «Қазіргі тәжірибелер Достастық мемлекеттеріне осы мәселеде оң табысқа жету үшін негіз бола алады»,-деді ол.
БҰҰ ЖКББ-ның Астанадағы кеңсесінің басшысы биылғы қараша айында көші-қон және босқындар ісі мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Оның айтуынша, шараға ТМД елдерінің, сондай-ақ Қытай, Иран, Ауғанстан, Түркияның өкілдері келеді.