Сенатор Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының сайлауы мониторингіне қатысты

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов ТМД ПАА байқаушылар миссиясының құрамында VIII шақырылған Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасын және депутаттардың жергілікті кеңестерін сайлауға дайындық және өткізу мониторингіне қатысты, деп хабарлайды ҚР Парламенті жоғары палатасының баспасөз қызметі. 

Нұрлан Бекенов
Фото: Сенат

Мониторинг барысында Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Минск қалалық сайлау комиссиясының, Минск облыстық сайлау комиссиясының, Республикалық еңбек және әділет партиясының, Беларусь Коммунистік партиясының басшылығымен және басқа да өкілдермен кездесулер өткізілді.

ТМД ПАА-дан халықаралық байқаушылар тобы өз қызметін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің байқаушылар миссиясының құрамында жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар