Сенатор БҰҰ Даму бағдарламасы сарапшыларымен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева БҰҰ Даму бағдарламасындағы Тәуелсіз бағалау кеңсесінің сарапшыларымен кездесті, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі. 

Сенатор БҰҰ Даму бағдарламасы сарапшыларымен кездесті
Фото: Сенат

Кездесуге қатысушылар Үкімет назарындағы әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін, әлеуметтік сала проблемаларын әзірлеу мен бейімдеуге БҰҰ ДБ-ның қолдау білдіруі мәселесін талқылады. Талқылау барысында әлеуметтік қорғау саласында БҰҰДБ қолдауымен қол жеткен аса маңызды нәтижелер қаралды.

Сарапшылар сонымен қатар іске асып жатқан жобалар мен бағдарламалардың тиімділігін, оның ішінде мерзімінің сақталуы мен бюджетін, сапасы мен уақытылы іске асуын бағалаудың маңыздылығын атап өтті. Жобаларды іске асыру барысында туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары, сондай-ақ жобаларды қолдау мен басқаруды жақсартудағы БҰҰДБ-ның мүмкіндіктері қаралды.