Сенатор Е.Жұмабаев Әзірбайжандағы президент сайлауын байқауға қатысады

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Ермек Жұмабаев Әзірбайжандағы президент сайлауын байқауға қатысады.
None
None
Е.Жұмабаев осының алдында ТМД ПАА-ның байқау жөніндегі халықаралық байқаушылар тобының мүшесі ретінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Страсбургтегі күзгі сессиясына қатысты. Сапар барысында 2013 жылғы 9 қазанда болатын Әзірбайжан Республикасындағы президент сайлауындағы ЕКПА-ның байқаушылар миссиясының мүшелерімен кездесу болды. Атап айтқанда, ТМД ПАА делегацияның мүшелері ЕКПА Төрағасы Жан-Клод Миньонмен кездесіп, сайлауға мониторинг жүргізу барысында халықаралық парламенттік ұйымдардың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Әзірбайжандағы президенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕКПА миссиясының жетекшісі Р.Уолтермен кездесті.
Соңғы жаңалықтар