Сенатор Ғ. Қасымов сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесін көтерді

А. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ғани Қасымов сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу жөнінде мәселе көтерді.

Сенатор Ғ. Қасымов сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесін көтерді

«Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Сізден, ҚР Әділет министрлігінің Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне қатысты тапсырма беруіңізді сұраймын. Бұл заң жобасында біріншіден - Парламент Мәжілісінің құрамына арналған сайлауға қатысатын партиялық тізім үшін ең төменгі шек деңгейін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, екіншіден - сайлау науқанына қатысатын партиялар үшін саяси блоктар құруға қатысты тыйымды алып тастау, үшіншіден - депутаттық мандат алу бойынша бір саяси партиядан 60 пайыздан аспайтын лимит қою қарастырылса», - деді Ғ. Қасымов.