Сенатор Г.Ким Оңтүстік Корея Елшісімен ҚР Президентінің «Ұлт жоспарын» талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Георгий Ким Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Ёнгчонмен оның өтініші бойынша кездесті.
None
None

Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастың даму мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мен заң шығару саласында тәжірибе алмасу керектігі аталып өтілді.

Тараптар Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Соңғы жаңалықтар