Сенатор Ғани Қасымов кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысу үшін ОСК-ға өтініш берді

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламент Сенатының депутаты Ғани Қасымов 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді.

Сенатор Ғани Қасымов кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысу үшін ОСК-ға өтініш берді

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сенатор Ғ.Қасымовты кезектен тыс Президенттік сайлауға Патриоттар партиясы ұсынып отыр. Бұл осымен алда өткелі отырған сайлауға қатысу үшін ОСК-на өтініш берген 20-шы азамат.

Сондай-ақ Ғ.Қасымов бүгін Президенттіке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырады деп жоспарланып отыр.