Сенатор Хусаин Валиевтің «Президент және әлем» атты кітабы үш тілде жарық көрді

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ғалым Хусаин Валиевтің «Президент және әлем», «Президент и мир», «Prezident and the world» атты кітабы үш тілде жарық көрді.
None
None

Бұл ерекше жинақты Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы шығарып отыр.

Бұл кітапқа еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болған тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдағы қол жеткізген табыстардың әсерлі жетістіктері мен орасан зор қадамдары арқау болған.

 «Бүгін біз өткен елеулі істерді қорытындылаймыз, бұл - негізінен не жасалғаны, сонымен қатар, келешекте қандай маңызды істер атқару керектігі туралы ой қорытындысы. Әрине, бұл жетістіктер мен елеулі табыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты»,- дейді Х.Валиев.

Сонымен қатар кітаптың авторы тұлғаның қалыптасуы және Отан тағдырының саясат биіктігінің шыңына көтерілген біртума тұлғаның тағдырымен өрілу жолын айшықтайды.

Өмірден алынған нақты мысалдар арқылы Елбасының жанұяда алған үлгі-өнегесі, білімге деген құштарлығы, өндірістегі ауыр жұмысы мен саяси қызметі жан-жақты көрініс тапқан.

Сенатордың айтуынша, Елбасы еліміз үшін күрделі және қиын кезеңде оның аяғынан тік тұрып кетіп, тұрақты дамуы үшін бар ауыр жүк пен жауапкершілікті мойнына алды. Ол бейбітшілік пен келісім, кемел даму мен тұрақтылықты арқалаған, гүлдену мен табысқа қол жеткізуге асыққан тәжірибелі капитан сияқты ел кемесін тапжылмай жүргізіп келеді. Өткен 20 жыл ішінде еліміз өзге елдер жүз және жүзден астам жыл жете алмаған биік шыңдарға жетті.

Жинақта «Тұлғаның қалыптасуы», «Елді тану және сыйластық», «Табыс және рухани келісім», «Тәуелсіздік стратегиясы», «Болашақты жасай отыра, осы заманды басқарамыз», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген көлемді мақалалар топтастырылған.

«Президент туралы елде ғана емес, шет елдерде де көп айтылады. Көптеген баспа материалдары пайда болып, кітаптар шығарылуда, деректі және көркем фильмдер түсірілуде. Бұл істер ақылға қонымды, дұрыс, өйткені ол - ерекше тұлға, қызығушылықты тудырады, әрқашан көпшілік назарында. Бұл кітапта мен хронологиялық нақтылық пен өмір жағдайының барлық аспектілерін қамту мақсатын көздемеймін. Оның қажеті де жоқ шығар деп ойлаймын. Қысқа түрде Қазақстанның даму жолын және ел Президентінің болашаққа деген ұмтылысын, бізді қоршаған жаһандық әлемдегі триумфқа жету жолын өз көзқарасыммен айтуды жөн көрдім»,- дейді Сенат депутаты.

Айта кету керек, сенатор Хусаин Хасенұлы - PhD философия докторы, техника ғылымдарының докторы, профессор, бірқатар халықаралық және отандық Ғылым Академияларының толық мүшесі.

Соңғы жаңалықтар