Сенатор Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ұжымымен кездеспек

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 9-ы күні ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің оқытушылары мен студентер қауымымен кездесу өткізеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚазМУ ұжымымен ҚР Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанұлы бұған дейін де бірнеше рет арнайы кездесулер өткізген болатын. Оның соңғысы осыдан екі жыл бұрын болды. Онда Қ.Сұлтанов Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқаратын. Ал бұл кездесуде сенатор комитет жұмысы жөнінде арнайы баяндама жасап, жиынға қатысушылардың Қазақстанның халықаралық істері мен қорғаныс және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап бермек. Бұл басқосуға университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов, қалалық мәслихаттың хатшысы Төлеубек Мұқашев пен тағы басқа да қоғам және ғылым қайраткерлері қатыспақ.
Соңғы жаңалықтар