Сенатор Көбенов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары аймақтарға сапарға аттанды. 4 қаңтарда сенатор Манап Көбенов Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданында болды. Аудан әкімі Ағыбай Әміринмен кездесуде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басымдыққа ие мәселелер талқыланды.

Сенатор Көбенов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Атап айтқанда, Ақтоғай ауылындағы әр үйді ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры құрылысының ІІ кезеңін іске асыру келешегі қаралды. 2017 жылы бұл бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 930 миллион теңге бөлу көзделіп отыр.

Депутат Ақтоғай ауылындағы балалардың өнер мектебінің жұмысымен танысып, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Жасұлан Шорманов басқаратын «Ауылдастар» клубының ардагерлерімен әңгімелесті. Таяу күндері Көбенов Екібастұз және Ақсу қалаларына, сондай-ақ Павлодар облысындағы бірқатар аудандарына баруды жоспарлап отыр.