Сенатор Ләззат Сүлеймен Алматы облысындағы ауыл тұрғындарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлейменнің Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Қапал және Қызылағаш ауылдарының тұрғындарымен кездесуі кезінде суару жүйесін салу, жайылым тапшылығы және дәрігерлердің жетіспейтіні негізгі мәселелердің бірі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, депутат кездесу барысында айтылған проблемаларды шешуге маңыз бере отырып, оларды өз бақылауына алатынын атап өтті. Сенатор сонымен қатар аудан басшылығы өзекті мәселелерді шешудің барлық мүмкін жолдарын қарастыруы және азаматтардың мұң-мұқтажына назар аударуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар еліміз Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі реформаларды да егжей-тегжейлі талқылады. Ауыл тұрғындары мен Ләззат Сүлеймен Мемлекет басшысының осы Жолдауында алға қойылған басымдықтар туралы өз пікірлерімен бөлісті.

«Қазір нақты саясат жүргізетін уақыт. Бос әңгіме, сөзбұйдаға салу, бір кездесіп, кетіп қалатын заман артта қалуы тиіс, өйткені ескі форматпен «Жаңа Қазақстанның» құрылуы мүмкін емес. Депутаттар халық қойған мәселелерді шешуде мұқият болу, табандылық таныту, жүйелі бақылауды жолға қоюы тиіс», - деді Ләззат Сүлеймен.


Соңғы жаңалықтар