Сенатор Назарбаева Еуропалық Одақтың ҚР-дағы өкілдігінің басшысымен кездесті

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесті, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
None
None

Сенатор Еуропалық Одақпен қарым-қатынас Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Дариға Назарбаева Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімді тиімді іске асыру екіжақты ынтымақтастықтың басымдыққа ие мәселелерінің бірі екенін жеткізді.

«Біз жаңа құжаттың барлық әлеуетін тезірек іске асыруға мүдделіміз. Еуроодақ елдерінің ұлттық парламенттерінде ратификациялау және оны Еуропалық Парламентте қарау ұзаққа созылмайды деп сенеміз», - деді сенатор.

Қазіргі кезде құжатты Еуропалық Одаққа мүше 8 мемлекет құжатты ратификациялады.

Т.Христеа Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ең маңызды әріптесі екенін айта келіп, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда парламенттік дипломатияның рөліне тоқталды.

Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады. Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы Еуропаның 5 мыңнан астам университеттері Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуға әзір екенін, Қазақстанның 15 жоғары оқу орны студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақ елдеріне оқушылар жібергенін жеткізді.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің келешегі талқыланды. 
null 

Елші Қытай үшін Қазақстан «тамаша дос, қайырымды көрші және сенімді әріптес» екенін атап өтті. Ол елдеріміздің 25 жылдық ынтымақтастықта қол жеткізген табыстары туралы хабардар етті. «Біздің еліміз Қазақстанның бейбітшілікті, тұрақтылықты қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі саяси және экономикалық реформаларын қолдайды», - деді дипломат.

Назарбаева Қазақстан мен Қытай халықтарының игілігі үшін өзара тиімді іс-қимылды үдету қажеттігін атап өтті.

Ч.Ханьхуэй биылғы жыл халықаралық шаралар тұрғысында өте мазмұнды екеніне де тоқталды. Биылғы маусымда Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының Саммиті өтеді, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылады және оған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуы күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар