Сенатор Ослодағы Бейбітшілік және адам құқы мәселелері жөніндегі орталықтың президенті Кьель Магне Бондевик бастаған делегациямен кездесті

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Норвегияның бұрынғы премьер-министрі, Ослодағы Бейбітшілік және адам құқы мәселелері жөніндегі орталықтың президенті Кьель Магне Бондевик бастаған делегациямен кездесті,

Сенатор Ослодағы Бейбітшілік және адам құқы мәселелері жөніндегі орталықтың президенті Кьель Магне Бондевик бастаған делегациямен кездесті

 деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Осло қаласындағы іс-қимылы бейбітшілікті нығайту, адам құқын сақтау жөніндегі толеранттықты және ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ барлық құрлықтағы қақтығыс аймақтарында үкіметтер арасында мәмілегер ретінде келіссөздер жүргізуге бағытталған Бейбітшілік және адам құқы мәселелері жөніндегі орталық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Норвегия қатынастарының қарқынды дамуы және оны одан әрі нығайтудың келешегін атап өтті. Қуаныш Сұлтанов Бейбітшілік және адам құқы мәселелері жөніндегі орталық басшысын мемлекет пен қоғамды одан әрі демократияландыруды заңнамалық тұрғыда қолдау жөніндегі республика Парламентінің жұмысы туралы хабардар етіп, ұлтаралық келісім қоғамын қалыптастыру жөніндегі тәжірие туралы әңгімеледі.

«Қазақстан - 130 ұлт пен 40 діни конфессия бейбіт өмір сүріп отырған тұрақты мемлекет. Бүгін біздің еліміз азаматтардың негізгі - бейбітшілік пен келісімде өмір сүру құқығы қамтамасыз етілген бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елеулі елдердің бірі»,-деді Қ.Сұлтанов.

К.Бондевик ұлтаралық және конфессияаралық келісім орныққан қазақстандық қоғам үлгісін, елдегі Қазақстан Президентінің жетекшілігімен жүргізіліп жатқан демократиялық реформаларды және алдағы ЕҚЫҰ-на төрағалық етудегі басымдықтарды жоғары бағалады.

Кездесуде заңнамалық негіздің кейбір салаларын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Жүздесудегі әңгімеге Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Әділ Ахметов және сенатор Ғани Қасымов қатысты.