Сенатор С. Жалмағамбетова ЕКПА сессиясына қатысты

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жыл сайынғы сессиясының төртінші бөлігіне қатысты. Шара 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Страсбург қаласында болды.
None
None

Сессияның күн тәртібі бойынша парламентшілер Албаниядағы парламенттік сайлауға жүргізілген мониторинг қорытындыларын, Босния мен Герцеговинадағы демократиялық институттардың қызметін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2012-2013 жылдардағы іс-қимылын, балалар мен қарттардың құқықтарын, азық-түлік және ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ Еуропадағы Омбудсмен институтын күшейту мәселелерін талқылайды.

Қазақстан мен Ассамблеяның қатынастары біздің еліміздің Парламенті мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық туралы 2004 жылы Страсбургте қол қойылған келісімге негізделген. Сондан бері қазақстандық заң шығару органының делегациясы ЕКПА сессиялары мен оның комитеттерінің отырыстарына қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар