Сенатор ШҚО-дағы көпір құрылысына республикалық бюджеттен қосымша қаржы сұрады
«Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша құны 61,4 млрд теңге болатын Бұтырма су қоймасындағы көпір өткелі мен Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін 32 млрд теңге болатын жаңа көпір құрылыстары жүріп жатыр.
2020-21 жылдар аралығындаБұқтырма су қойсамындағы көпірді салуға бюджеттен 3,9 млрдтеңге қаржы бөлінген. Биыл 10,2 млрд теңге бөлініп отыр. Жоба басталғаннан бері қаржыландырудың нақты көлемі 14,2 млрд теңге немесе жалпы құнының 23 пайызын құрап отыр. Жобаны әрі қарай іске асыру үшін 2023 жылға 20 млрд теңге көлемінде бюджет өтінімі енгізілді. Бірақ республикалық бюджет жобасында тек 2 млрд теңге ғана ескерілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы әрі сапалы орындау үшін республикалық бюджеттен 2023 жылы 20 млрд теңге сомасында, ал 2024 жылы 21,8 млрд теңге сомасында қаражат бөліну қажет», - деді Бақытжан Байахметов Премьер министр Әлихан Сарыбаевтың атына сауалында.
Айтуынша, Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы да осындай жағдайға тап келіп отыр.
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте объектіні қаржыландыру аясында 2023 жылы 500 млн теңге және 2024 жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөліну көзделеді. Бұл жағдай Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мерзімдерінің орындалмауына және сәйкесінше жобаның қымбаттауына алып келеді. Іске асыру мерзімі бойынша жоба 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, сізден республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде аталған жобаны 2023 жылы 15 млрд теңге, сондай-ақ 2024 жылы 17 млрд теңге көлемінде қаржыландыру бойынша ықпал етуіңізді сұраймыз», - деді сенатор.