Сенатор Шымкент зоологиялық паркін қайта құруға 875,9 млн. теңге бөлуді сұрады
«Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, миллионға жуық халқы бар Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты даму үстінде. Елбасы Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары кезінде Шымкент қаласын еліміздегі 1 миллион халқы бар үшінші қала ету туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру және облыстың туризм саласын дамыту мақсатында жергілікті бюджет есебінен республиканың 3 зоологиялық парктерінің бірі - Шымкент зоологиялық паркін қайта құрудың жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның жалпы сметалық құны 875,9 млн. теңгені құрайды», - дейді Қ. Айтаханов.
Оның сөзіне қарағанда, аталған нысанды 2012 жылы және ағымдағы жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру туралы жасалынған ұсыныстар белгісіз себептермен кейінгі жылдарға қалдырылып отыр.