Сенатор Т. Мұқашев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Төлеген Мұқашевтың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне ауысуы туралы мәселе қаралды.
Сенат регламентіне сәйкес, палата депутаттарының тұрақты комитеттерде жұмыс істеуге және ауысуға құқығы қарастырылады. Осы құқықты пайдалана отырып, депутат Төлеген Мұқашев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істеу туралы өтініш жасаған. Палата депутаттары бұл ұсынысты қолдап дауыс берді.