Сенаторлар әділсот институтының оқытушылары және студенттерімен кездеcті

А. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Cенатының депутаттары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әділсот институты оқытушылар құрамымен және дәріс алушылармен кездесті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында әділсот органдарының кадрлық құрамын жетілдіру мәселелері талқыланды. «Бүгінгі күні сот жүйесінің кадрлық қамтамасыз етілуі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы сот кеңесі сот мамандығы бойынша кандидаттарға қойылатын талаптарды күшейте түсетін болады. Сондай-ақ, Елбасы судьялардың 5-ші съезінде сөйлеген сөзінде бүгінгі сот мамандарының кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отырудың қажеттігін атап өткен болатын. Ағымдағы жылы түрлі деңгейдегі соттардың судьясы қызметі бойынша  205 бос жұмыс орыны үшін үміткерлер арасында конкурстар өткізілді. Бұл конкурсқа 1,5 мыңнан астам азамат қатысып, солардың арасынан ең озықтары іріктеліп алынды», деді жиын барысында сөз сөйлеген ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков.

Оның айтуынша,  судьялар қызметіне кандидаттар мәселесі қаралғанда, Мемлекеттік қызмет академиясының әділсот институты түлектеріне басымдық берілетін болады. Ал аталмыш институттың міндеті сот жүйесі үшін жоғары білікті кадрлар даярлау болып табылады.

Пікір алмасу форматында өткен кездесу барысында Парламент Сенатының депутаттары, Жоғарғы сот кеңесі мүшелері біліктілікті арттыру, тәжірибені шыңдауға қатысты студенттер сауалдарына жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.  

Соңғы жаңалықтар