Сенаторлар Атырау облысындағы апатты үйлердің мәселелерін талқылады

Сенаторлар Доссор кентінде апатты жағдайда тұрған үйлердің тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайымен танысты. Кент әкімінің айтуынша, кентте 150-ден астам ескі және апатты жағдайдағы үй бар. Доссор поселкесі құрылған 1911 жылы жұмысшыларға арнап салынған үйлер ең көне үй болып отыр. Сенатор Ғұмар Дүйсембаев бұл мәселенің алдағы уақытта заң бойынша шешілетінін жеткізді.
Сенаторлар Мақат ауданының орталығына арнайы барып, аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен кездесті. Жүздесуде маман тапшылығын жою және дәрігер мамандарды жергілікті жерге тарту туралы айтылды. Дәрігерлер сондай-ақ резидентура бітірген жас мамандардың ауданға келмейтіні жайында айта келіп, болашақта мақаттық мамандарға арнайы келісім-шартпен квота бөлінуге ықпал етуді сұрады.