Сенаторлар аймақтарға аттанады

АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат. Парламент Сенатының депутаттары қарашаның 23-і мен желтоқсанның 2-сі аралығында еліміздің аймақтарына сапарға шығады,

Сенаторлар аймақтарға аттанады

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Сапар барысында сенаторлардың жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді билік активтерімен кездесуі жоспарланған. Кездесулерде халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономикалық өркендеуге, еліміздің индустриялық дамуы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясатты түсіндіруге ерекше назар аударылатын болды. Сайлаушылар 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке Парламент енгізген түзетулер туралы да хабардар болады.