Сенаторлар елордадағы «Ұлттық медициналық холдингтің» жұмысымен танысты

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитеті елордадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» денсаулық сақтау саласы тақырыбына арналған көшпелі отырыс өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Комитет төрағасы Ахан Бижанов бастаған бір топ сенаторлар алдымен Елбасы бастамасымен құрылған «Ұлттық медициналық холдингке» кіретін кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Содан соң болған отырыста сенатор А.Бижанов, «бүгінде ұлттық медицинаның мәртебесін көтеру, денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларды кодификациялау мен халықаралық стандарттармен үйлестіру, азаматтардың медициналық қызметпен қамтылу деңгейін жақсарту, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау мәселелеріне қоғам қатынастарын өзгерту қажеттілігі туындап отырғандығын» айта келе, осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын атап көрсетті. «Бүгіннен бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасын қарауға кірісті. Медициналық кластер құрудың аралық жұмыстарымен танысуды бастадық. Осы міндеттердің орындалуына «Ұлттық медициналық холдинг» қыруар үлес қосуда. Холдингтің алдында медициналық қызмет көрсету стандарттарына қол жеткізу, медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру міндеттері тұр. Холдинг ? еліміздің денсаулық сақтау саласындағы реформалар локомотивіне айналуы тиіс», - деді А.Бижанов өз сөзінде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум