Сенаторлар Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының жұмысына қатысып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары Сәуле Айтпаева мен Сергей Плотников Страсбургтегі Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының төртінші бөлігіне қатысуда, деп хабарлайды Жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Еуропа кеңесінің парламентшілері ЕКПА миссиясының Албаниядағы парламенттік сайлауды байқауы, Әзербайжандағы демократиялық институттар мен бұл елдің Еуропа Кеңесіндегі басымдықтары, ЭЫДҰ-ның 2016-2017 жылдарға арналған қызметі туралы және Иордания Парламентімен демократиялық әріптестікті дамыту жөніндегі есебін талқылайды.
Жиын барысында ДАИШ-тің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын қудалау мен жазалау және жаңа генетикалық технологияларды қолдану мәселелері бойынша пікірталас өткізіледі. Сондай-ақ Мьянма рохинджа- мұсылмандары төңірегінде қалыптасқан төтенше гуманитарлық жағдайға қатысты өзекті пікірталас өткізу жоспарланып отыр.