Сенаторлар халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты қос құжатты Мәжіліске қайтарды

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенат депутаттары жалпы отырыста «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасын қарап, оны Мәжіліске қайтарды,

 Сенаторлар халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты қос құжатты Мәжіліске қайтарды
деп хабарлайды ҚазАқпарт.Отырыс барысында заң жобасы бойынша баяндама жасаған Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Серік Аяғановтың айтуынша, заң жобасының мақсаты ұлттық медицинаның мәртебесін көтеріп, денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы кодификациялау және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады. Кодекстің жобасы денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығына байланысты заңнамалық актілерді жүйелендіруге арналған. Отырыс барысында заң жобасына қатысты депутаттар тарапынан бірқатар сауалдар туындауына байланысты ол Мәжілістің қарауына қайтарылатын болып шешілді.Осыған байланысты аталмыш құжаттың ілеспе заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат та Мәжіліске жіберілді.