Сенаторлар Қазақстандағы техникалық білім беруді дамыту келешегін зерттеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі техникалық білім беру сапасын арттыру: энергетика, робототехника және аспап жасауды инновациялық дамыту – Президент тапсырмаларының бірі болып отыр. Сенаторлар сала сарапшыларымен кездесу барысында ол тапсырмалардың қалай жүзеге асатыны, сондай-ақ жоғары білімді мамандарды тәрбиелеу үшін одан әрі қандай қадамдар жасау қажеттігін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаторлар Қазақстандағы техникалық білім беруді дамыту келешегін зерттеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп және Дана Нұржігітова Алматыға сапары аясында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауында жария етілген реформаларды жан-жақты талқылады.

Сенаторлар сондай-ақ университеттің ғылыми жобаларымен, материалдық-техникалық базасымен танысты.