Сенаторлар Кеден одағы аясында ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі заң жобаларын қарады

Келісімді іске асыру ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендік, салықтық, көліктік және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерін жүзеге асыру сапасын арттырады, Кеден одағының кедендік аумағында сыртқы және өзара сауданы тиімді реттеуді қамтамасыз етеді, шаруашылық жүргізу субъектілеріне де қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.
Отырыста сондай-ақ Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да қаралды.
Келісім Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу үшін ақпараттық технологияларды қолдану кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, жеке немесе заңды тұлғалардың электрондық құжаттарды жасауы, жөнелтуі, беруі, алуы, сақтауы және пайдалануы процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
Одан басқа, комитет отырысында заңнамаға сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
Бұл заң жобасы сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.