Сенаторлар Конституцияға түзетулерді халықпен бірге талқылайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Палата бюросының мүшелерімен жұмыс бабындағы кеңес өткізді.
Сенат басшысы Президент, Үкімет және Парламент арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатындағы еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіруге арналған депутаттардың 2-10 ақпандағы аймақтарға сапарына баса назар аударды.
«Президенттің бастамасы жұртшылық арасында кеңінен қолдау тапты. Ұсынылған түзетулерді халықпен талқылау, енгізілетін өзгерістердің мәні мен мағынасын түсіндіру депутаттардың міндеті», - деді Қ.Тоқаев.