Сенаторлар ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін құжатты мақұлдады
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің сөзіне қарағанда, заң жобасының мақсаты ? интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру мәселелерін реттеудің құқықтық тетігін заң жүзінде бекіту. Сонымен қатар ол азаматтар мен заңды тұлғалардың осы сала бойынша қарым-қатынасындағы конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуді қарастырады. Құжатта бұған қоса интернет арқылы ақпарат таратушылардың міндеттері мен құқықтарына қатысты мәселелерді де нақтылайтын баптар бар.