Сенаторлар ҚР ОСК-ның екі мүшесін тағайындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақыт Мелдешов пен Ләззат Сүлейменнің ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері болып тағайындалуын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қос үміткерді де ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашев палатаның жалпы отырсында таныстырды.
Сенат депутаттары үміткерлерді бірден қолдап, дауыс берді.
«Дауыс беруге қатысушылар - 44 сенатор, қолдағандар - 44. Шешім қабылданды. ҚР Сенатының атынан Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне қабылданған азаматтарды құттықтап, табыс тілеймін», - деді дауыс беруді қорытындылаған Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.