Сенаторлар құқық қорғау органдарына қызметке тұратын кандидаттарға міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуді қолдану тәртібін бекітетін заң жобасын қабылдады
Заң жобасы еліміздің «Білім беру туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасы құқық қорғау органдарына қызметке тұруға кандидаттарға міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуді қолдану тәртібін бекітеді. Бұл ретте заң нормаларына «полиграфологиялық зерттеу», «психофизиологиялық куәландыру» деген жаңа ұғымдар енгізіледі. Сонымен қатар заң қолданылатын жекелеген ұғымдар нақтыланып, бірінші арнаулы атақ беру, бір құқық қорғау органынан екіншісіне ауысқан кезде жоғары арнаулы атақтар мен сыныптық шендерді теңестіру тәртібі реттеледі. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттау, қажет болған жағдайда оларға қатысты қызметтік тергеу жүргізу кезінде де қолдануды ұсынады. Бұдан бөлек, құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасын ұлғайту ұсынылады.