Сенаторлар «Мәдениет туралы» заңына қатысты Сенат пен Мәжіліс арасындағы келісу комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаторлар жалпы отырыста «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісу комиссиясының ұсыныстарын қабылдады,

Сенаторлар «Мәдениет туралы» заңына қатысты Сенат пен Мәжіліс арасындағы келісу комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста аталмыш құжат бойынша келісу комиссиясының атынан баяндаған депутат Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айының 31-інде Сенат пен Мәжіліс арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жолындағы келісім комиссиясының отырысы өтті. «Комиссияның қарауына 11 позиция шығарылып, оның 4 позициясы Сенаттың редакциясында, 1 позиция Мәжілістің редакциясында, 6 позиция бірлескен редакцияда қабылданды», деді сенатор. Отырыста құжатты жан-жақты талқылаған депутаттар аталмыш позициялардың барлығы қабылдансын деген біржақты тоқтамға келді.